«Мағжан әлемі» республикалық фестивалі

2024 жылдың 18 мамыр күні мектебімізде «Әдістемелік орталығы» МКҚК  қолдауымен, әдіскер Ж. Маманның ұйымдастыруымен  қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын, әдеби мол мұрасын насихаттау, талантты оқушылардың даралықтары мен мүмкіндіктерін таныту және педагогтердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия  «Мағжан әлемі» республикалық фестивалін өткізді.  
Фестиваль мектеп пән бірлестіктерінің оқу мен тәрбие бойынша іс-тәжірибелерін көрсететін көрме таныстырылымымен басталып, пленарлық бөлімде Мағжантанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың (Асхат Аймағамбетов – қоғам қайраткері, Қазақстан Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты, Ісмақова Айгүл Серікқызы –  Н. Назарбаев атындағы университеті, филология ғылымының докторы, Ербол Ердембекұлы Тілешов –  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, Әкім Ысқақ- ақын,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  Самат ЖұматайұлыЕуразия Ұлттық университеті, Алаш ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері)  баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, фестивальдің ашылуы концерттік бағдарламасында мектептің өнерпаз оқушылары «Мен жастарға сенемін!» әдеби-музыкалық сахналық қойылыммен жалғасын тапты.
Республикалық маңызды іс-шараға еліміздің түкпірінен 300-ден астам қатысушылар 6 бағыттағы байқаулар мен челлендж, пед оқулары мен шеберлік сыныптарына қатысып, жүлделі орын алғандар дипломдар мен сертификаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған