20 мамыр күні Астана қ. Білім басқармасы, Астана қ. әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мен ЮНЕСКО, Корея Республикасы Білім министрлігінің ведомстволық бағынысты KERIS ұйымымен бірлескен – «АКТ саласындағы жастардың сауаттылығын арттыру үшін басшылық қағидаттарын әзірлеу» тақырыбында кездесу өтті. Сұхбаттасу фокус-топ форматында елордалық цифрлық даму бөлімінің мамандары осы салада жүріп жатқан жұмыстар туралы сөз қозғады.
Зерттеудің екінші бөлімі алдағы уақытта қаланың екі мектебінде цифрлық технологияларды практикалық енгізу мен дамытуды қарастыру, сондай-ақ оқушылардың АКТ технологияларды және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша дағдыларын бағалау мақсатында өтеді.
Зерттеу нәтижелері осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жоспарлау үшін пайдаланылатын болады.