«ҚОҒАМДАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

2024 жылдың 13 маусым күні Әдістемелік орталықтың сүйемелдеуімен жетекші мектеп №78 мектеп-гимназиясында серіктес мектептер №71 мектеп-лицейі мен №81 Astana English School халықаралық мамандандырылған гимназиясымен бірігіп, «Жігер»  қоғамдастығы аясында «Қоғамдастық аясындағы құндылықтарға бағытталған оқу» қалалық семинар ұйымдастырды.

Семинарға Әдістемелік орталығынан әдіскер Ж.С. Маман мен Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ф.У. Жунусова қатысты.

Желілік қоғамдастық аясында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында өткен шарада қоғамдастық мүшелері шебер-сыныптар мен таныстырылым алаңында өз зерттеулерінің  нәтижелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған