«МАҒЖАН ӘЛЕМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ БАҒЫТТАРЫ

«Мағжан әлемі» республикалық фестиваліне ҚР Алматы, Ақтөбе, Балқаш,   Қарағанды, Павлодар, Қызылорда қалалары, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстарынан 200-ге жуық педагог пен 115 оқушы 6 бағыт бойынша  байқаулар мен педагогикалық оқу, шеберлік сыныптарға қатысты.

Фестиваль бағыттары:

  1. «Қазақтың  жолбасшысы – мұғалім» педагогикалық оқу;
  2. «Жан сүйгенім – ол да өлең…» ақынпедагогтер байқауы;
  3. «Мен жастарға сенемін!» әдеби сахналық қойылым байқауы;
  4. «Түркістан – Ер түріктің бесігі ғой…» ақын шығармасына («Түркістан» поэмасы негізінде) сурет салу байқауы;
  5. «Жүрген жанның артында ізі қалар» ақын шығармаларын насихаттау (Tik-tok арқылы буктрейлер) челленджі.
  6. «Мағжан шығармаларын оқытудағы жаңаша көзқарас» шеберлік сыныбы. Мағжан шығармаларын оқытудағы замануи әдіс-тәсілдермен шеберлік сыныптарын өткізу.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *