ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

2023 жылғы 7 сәуір күні Астана қаласының №36 «Балапан» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту  процесінде ұрпақ тәрбиесін даналардың іліміне, ұлттық құндылықтарға, мәдени дәстүрлерге негіздей отырып, баланың толық дамуы мен рухани әлеуетін ашуға жағдай жасау мақсатында  Өркендеу жобасы бойыша эксперименттік алаң жұмысының аяқтауына орай, «Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» атты семинар-практикум өтті.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттер қазақ халқының ұлттық құндылықтарын тәрбиеленушілердің бойына сіңдіру арқылы өтті. Семинар барысында әжемнің ертегілері қойылымы, «Ханталапай» ұлттық ойынымен шебер сынып, тәрбиеленушілердің арасында айтыс, «Өнерлі ұрпақ» дәстүрден тыс сурет салу және «Ғажайып білім әлемі» жұмыстары жүргізілді.

Семинарға Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Ұлттық құндылыққа негізделген «Өркендеу» бағдарламасының жетекшісі Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, филология ғылымының кандидаты, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы Шотаев Махсат мырза қатысты.

Семинар соңында балабақшаның әжелер және әкелер мектебінің мүшелері тәрбиеленушілермен бірге ән шырқады.

Іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік  елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері қатысты.

4 Comments

  1. Осы шараға менің ұлым құлшынып, қуана қатысты. Гүльбану Мұсахановнаға алғысым шексіз. Біздің топқа бір жыл бұрын келіп, балаларымызды қазақша тілде сөйлеуге, ұлттық тағлымға, тағы басқа құнды дүниелерге үйретті. Баламның дәрежесі тәрбиешінің арқасында.

  2. Осы шараға менің ұлым құлшынып, қуана қатысты. Гүльбану Мұсахановнаға алғысым шексіз. Біздің топқа бір жыл бұрын келіп, балаларымызды қазақша тілде сөйлеуге, ұлттық тағлымға, тағы басқа құнды дүниелерге үйретті. Баламның дәрежесі тәрбиешінің арқасында.

  3. Осы шараға менің ұлым құлшынып, қуана қатысты. Гүльбану Мұсахановнаға алғысым шексіз. Біздің топқа бір жыл бұрын келіп, балаларымызды қазақша тілде сөйлеуге, ұлттық тағлымға, тағы басқа құнды дүниелерге үйретті. Баламның дәрежесі тәрбиешінің арқасында.

  4. Осы шараға менің ұлым құлшынып, қуана қатысты. Гүльбану Мұсахановнаға алғысым шексіз. Біздің топқа бір жыл бұрын келіп, балаларымызды қазақша тілде сөйлеуге, ұлттық тағлымға, тағы басқа құнды дүниелерге үйретті. Баламның дәрежесі тәрбиешінің арқасында.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған