Мектепке дейінгі ұйымдарда 2024 жылдың 15 шілдесі мен 15 тамызы аралығында 5,5 және 6 жастағы ұйымдаспаған 1-сыныпқа баратын «Балақайлар мектебі» жобасының мектепалды даярлық курстары арқылы балаларды мектепке дейінгі даярлау жүзеге асырылады. Курстың міндеттері:
1. Сөйлеу әрекетін және қол мен саусақтардың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.
2. Математикалық іс-әрекет негіздерін дамыту.
3. Танымдық процестерді (ойлау, зейін, есте сақтау) және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жұмыс уақыты: аптасына бес күн 09:00-ден 12:20-ға дейін, 10 минуттық үзіліспен 30 минуттан аспайтын 4-5 сабақ. Бүгінде Балақайлар мектебіне тұрғылықты жері бойынша ұйымдаспаған балалар қабылданады.