Мектепалды сынып педагогтеріне арналған семинар

 Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 23 ақпан күні Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «Мектепалды сынып балаларының біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемелік ұсынымдары»   тақырыбында қалалық оқыту   семинары өтті.

Іс-шара мақсаты мектепалды сынып  педагогтеріне мектепалды сынып балаларының біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуді түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Семинар барысында  Әдістемелік орталықтың әдіскері   Б. Әзімбай іс-шара  мақсаты мен бағдарламасын таныстырып, мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндірді.

№95 «Алматы» балабақшасының әдіскері А. Джаксылыкова «Жаңа бағдарлама бойынша  балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу ерекшелігі» тақырыбында сөз сөйледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасын игеру бойынша мониторинг жүргізу үшін критерийлерге сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау бойынша индикаторлар жүйесін түсіндірді.

№52 мектеп-гимназиясының мектепалды сынып педагогі Д. Омирзакова  өз сыныбындағы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг   жүргізу іс-тәжірибесімен бөлісті. Балаларды ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен ойындар кезінде бақылау, әңгімелесу, балалардың салған суреттерін, қолдан жасаған бұйымдарын талдау сияқты мониторинг нәтижелерін алу әдістерін практикада қалай пайдаланатынын түсіндірді.

 Семинар соңында «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» атты тренинг ұйымдастырылды. Педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараға  елордалық орта білім беру ұйымдарынан  30-дан астам  педагог қатысты. Мектепалды сынып  педагогтерімен жұмыс өз жалғасын табады.

3 Comments

  1. Керемет семинар болды! Көп рахмет сіздерге! Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған