ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ АСПЕКТІЛЕРІ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН МҮМКІНДІКТЕР

2024 жылғы 15 мамыр күні Астана қаласының Білім  басқармасы және Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ИНКЛЮЗИВТІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ АСПЕКТІЛЕРІ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН МҮМКІНДІКТЕР» тақырыбындаАстана қаласы әкімдігінің №2 педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ашылғанына 10 жыл толуына орайреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясыны өтті.

Негізгі мақсат – білім беру ұйымдарының педагогтері  арасында арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу; білім беру ұйымдары мен мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялар мен жобаларды дамыту болды.

          Конференцияға Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті басшысы Бутабаева Лаура Аскарқызы,              Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығы директоры Исмагулова Светлана Кужаковна, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев Марат Өмірбайұлы және өңірлердің Білім басқармаларының мамандары, әдістемелік орталықтар (кабинеттер) әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер,   қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

         Сондай-ақ, іс-шара аясында Астана қаласы әкімдігінің  №2 педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің арнайы педагогтері озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-сыныптар көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған