Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 31 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектеп вожатыйларына вебинар өткізді.
Вебинарда Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д. Шарипова, әдіскер Г. Мананбаева «Заманауи мектептегі вожатыйлардың міндеттері» туралы түсіндіріп өтті.
Т.Жүргенов атындағы 70 мектеп-лицейінің вожатыйы Бақытжан Ибрагим
«Вожатый балалардың тәртібін бақылау кезінде қолданатын әдістер», І.Жансүгіров атындағы 58 мектеп-гимназиясының вожатыйы Әуелбекова Құралай Келдібекқызы «Балалардың физикалық және эмоционалдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде вожатыйдың жауапкершілігі», Абай Құнанбайұлы атындағы 87 мектеп-гимназиясының вожатыйы Ихсан Данияр Маратұлы «Вожатыйдың кәсіби дамуындағы заманауи ресурстар» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.