2025 жылғы 31 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың негізгі бағыттары мен жиі жіберілетін қателіктерді талқылау бойынша вебинар өткізді.
Білім беру ұйымдарын аттестаттауды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Акбота Бакытовна вебинар тақырыбы мен мақсатын таныстырып, аттестаттаудан өту барысында ұсынылатын құжаттардың ішінде кадрлық әлеует бойынша ақпараттың ҰБДҚ толық толтырылмайтындығы, перспективалық жоспар мен циклограммаларда және мониторинг жүргізуде кететін қателіктер мен ескертулерге тоқталып өтті.
Смайыл Сандуғаш Серікболқызы, Әдістемелік орталықтың білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» тақырыбында сөз қозғады.
Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы, №47 «Ақжелкен» балабақшасының әдіскері «Тәрбие және оқыту нәтижелерін бағдарлау мазмұны» (Перспективалық жоспар, циклограмма, ҰІӘ кестесі) жазылу жолын түсіндірді.
Ищанова Роза Телмановна, №30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері «Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі» тақырыбында баяндады.
Вебинар соңында кері байланыс жүргізіліп, сұрақтарға жауап берілді.