2025 жылғы 30 қантар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинар өткізді.
Вебинарда кітапханашылардың тәрбие жұмысы мен оқу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін арттыру жолдары қарастырылды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы», «8 минуттық оқу» жобаларының мақсаттары мен нәтижелеріне жету үшін кітапханашылардың атқаратын міндеттері және қолданылатын әдістері талқыланды.
№70 Т. Жүргенов атындағы мектеп директорың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұқатова Гүлайым Асылбекқызы «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалар туралы айтып өтті. Жоба аясында оқу үлгерімі жоғары және кітап оқуға қызығушылық танытқан оқушыларға оқу жылының соңында бағалы сыйлықтар табысталғаны туралы атап өтті.
Вебинардың соңында қатысушылар үшін «IQ Тайм» өткізіліп, жұмыс барысындағы сұрақтарға жауап беріліп қорытындыланды.
Өте жоғарғы дәрежеде өтті.
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін.
Өте жоғарғы дәрежеде өтті
Уважаемые организаторы конференции!
Позвольте выразить искреннюю благодарность за высокий уровень организации научно-практической конференции. Благодаря вашему труду и вниманию к деталям мероприятие стало настоящей площадкой для обмена знаниями, профессионального общения и вдохновения.
Отдельное спасибо за интересную и актуальную программу, за возможность выступить, услышать коллег, обсудить важные вопросы и познакомиться с новыми подходами в науке и практике. Ваша работа способствует развитию профессионального сообщества и продвижению новых идей. Желаю вам дальнейших успехов, новых проектов и благодарных участников!