«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: нормативтік-құқықтық негіздер»

2025 жылғы 30 маусымда Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен қабылдау комиссиясының мүшелері үшін «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: нормативтік-құқықтық негіздер» тақырыбында онлайн әдістемелік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру.

Іс-шара барысында №1 ПМПК басшысы Сағилова Ж.К. атап өтті:

«ТжКОББ ұйымында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау мамандықтар мен біліктіліктерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы (медициналық анықтаманы) ескере отырып жүзеге асырылады.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүргізіледі (578-бұйрық, 29-пункт)» — деп, осы сұрақ бойынша толық түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Қасымқанова С.Е. білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс тәртібі мен ережелерімен таныстырды.

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Мылтықбаева Ж.Т. инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді.

Семинарға 30-дан астам адам қатысты

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *