Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының әдіскерлері 2023 жылғы 7 ақпан күні №65 мектеп-гимназиясында аттестаттаудан өтетін 16 мұғалімнің сабақтарына қатысып, сабақ беру сапаларын зерделеді. Зерделеу барысында сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижеге жету жолдары, сабақтың құрылымының толық өтуі, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, барлық білім алушылардың оқу, бағалау процесіне тартылауына көңіл бөлінді. Сабақ соңынан әр мұғалімге әдіскерлер кері байланыс жасап, ұсыныстарын білдірді. Әдістемелік көмек күні мектеп әкімшілігімен кеңесте қорытыланды.
Әдістемелік көмек күні
