2024 жылғы 29 қазанда Басқару колледжі базасында Астана қаласының ТжКББ ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы орынбасарлары, кураторлары, әлеуметтік
педагогтеріне арналған «Қазіргі жағдайда студенттермен жұмыс істеудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері мен ерекшеліктері» тақырыбындағы әдістемелік семинар
өткізілді. Іс-шараның теориялық бөлімінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ТжКББ бөлімінің әдіскері Мылтыкбаева Ж.Т. студенттерді сыныптан тыс
тәрбие жұмысына тарту бойынша оқытушылардың қызметі, колледжде өскелең ұрпақтың бойында құндылықтарды қалыптастыру жолдары және студенттерге
әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету талаптары туралы ақпарат берді. «Құқық» қоғамдық қорының басшысы Рыль О.В., қиын өмірлік жағдайдағы
балалармен және жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесімен, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету ерекшеліктерімен бөлісіп, жастар арасындағы қоғамға жат мінез-
құлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берді. «Тәжірибе мен ұсыныстар алаңы» жұмысында ҚазАКК Ақмола колледжінің оқытушысы, тренер А.О. Сарсенбаева, Астана халықаралық университеті педагогикалық колледжінің педагог-психологі А.М. Сламов және математика пәнінің оқытушысы Дуйсенбекова Ж.Б., Менеджмент, бизнес және білім колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бектұрсынова Р.А. және арнайы пәндер оқытушысы Жапарова Л.Т. сөз сөйледі. Олар жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қоғамға және жеке тұлғаға құндылықтық көзқарасты тәрбиелеу, жаңадан қабылданған студенттердің кәсіби дайындық жағдайларына бейімделуі, студенттік ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынастар, кураторлардың тәрбие жұмысына қажетті лайфхактар бойынша ұсыныстар берді.
Өткізілген іс-шараға Астана қаласы колледждерінен 60-тан астам оқытушы қатысты.