2025 жылдың 17 сәуірі күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Білім шыңы» жобасы аясында орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне арналған «Жұмысты жақсы көңіл-күймен атқару және күйзеліске ұшырамау үшін ресурстарды қайдан аламыз?» тақырыбындағы қауымдастық шеңбері өтті.
Іс-шараның мақсаты: орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне жаңа форматта өзара тиімді әрекеттесуге мүмкіндік тудыру, эмоционалдық интеллектіні дамытуға бағытталған қауымдастық шеңберін өткізу арқылы педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету.
Қауымдастық шеңберіне қатысушылар педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынаста туындайтын келеңсіз жағдайларды сындарлы шешу мәселесін талқылап, шешім қабылдауға белсенді қатысу және ол үшін жауапкершілікті бөлісу жайлы өзара пікір алмасты.
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Үздіксіз білім беру бөлімінің әдіскерлері тарапынан ұжымдағы психологиялық ахуалды сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Қауымдастық шеңберіне қатысушылар іс-шараның өзектілігін, әдістемелік қолдаудың тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Іс-шараға 35 адам қатысты.