2025 жылғы 31 қаңтар күні «NURORDA мектеп-лицейі» мекемесінде Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жоба негізінде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жас мамандарға арналған қалалық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Жоба негізінде білім берудің теориялық және практикалық аспектілерімен таныстыру.
Семинар барысында 5 секция жұмыс жүргізді. «NURORDA мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен №85 мектеп-лицейі, №86 мектеп-гимназиясы, №68 мектеп-гимназияның мұғалімдері воркшоп, шебер-сынып көрсетті. Оқыту семинарына 100 педагог қатысты.
Спикерлер «Жоба негізінде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараны қатысушылар мен әдіскерлер кері байланыс беріп, қорытындылады.