ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТПЕН ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды.

Іс-шара мақсаты жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстыру және әдістемелік көмек көрсету.

Кездесу барысында келесі тақырыптар ұсынылды:

— 2024-2025 оқу жылының негізгі ерекшеліктері;

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;

— мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

— әртүрлі жас топтарында оқу процесін ұйымдастыру;

— мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын меңгеру мониторингі;

— қазақ тілін үйрену;

— балабақшаларда «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» ұйымдастыру;

— мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелер мен іс-шараларды ұйымдастыру;

— экологиялық білім және экологиялық мәдениет;

— мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердің мектепалды сыныптарында тәрбие жұмысы;

— ата-аналарға кеңес беру орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;

— мектепке дейінгі дайындықты ұйымдастыру;

— «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектепке дейінгі дайындықты ұйымдастыру;

— оқушылардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жұмыс формалары;

— мектепке дейінгі ұйымдардағы таңғы жаттығуларды бақылау;

— мектепке дейінгі ұйымдағы серуендерді бақылау;

— мектепке дейінгі ұйымдағы ұйымдастырылған іс-шараларды бақылау;

— мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептердің мектепке дейінгі сыныптарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған балалар іс-әрекетінің түрлерін жоспарлау.

Семинарға жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 800-ден астам  басшылары, әдіскерлері мен тәрбиешілері  қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *