Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша «Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша түзету іс-шараларының жолдары» тақырыбында вебинар өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік қайта аттестаттауға жататын жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік қайта аттестаттау бойынша түзету жұмыстарының реттілігі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары мен баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелері қарастырылды.