2025 жылғы 15 сәуір күні Астана қаласының «Kidz n totz Premiere» жекеменшік балабақшасында «Жекеменшік балабақшаларда STEM оқыту технологиясын дамыту» тақырыбындағы эксперименттік алаң аясында қалалық семинар өтті. Семинарға 25-тен астам балабақша педагогтерімен ата аналар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар аталған эксперименттік алаң жұмысының 1 жылдық нәтижесімен танысты және «Мен әлемді әсемдеймін» мультстудиясы» білім беру модулі бойынша «STEM анимациясының құпиясын ашыңыз!», «Робототехника» білім беру модулі бойынша «Қоқыс сұрыптайтын жүк көлігі» тақырыбында шебер-сыныптар, «Ф. Фребельдің дидактикалық жүйесі», «Математикалық қызмет» білім беру модульдері бойынша «Фребельаралына саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетке қатысты.
Семинар соңында балабақша педагогтері кері байланыс беріп эксперименттік алаң жұмысының алдағы жоспарын талқылады.