2025 жылдың 31 қазан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.
Іс-шараға «Султан», «Нармин» балабақшалары қатысты.
Әдістемелік күн барысында әдіскер:
- Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға арналған түзету жоспарларымен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді;
- Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып топтарды қалыптастыру талаптарын түсіндірді;
- Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтердің құжаттармен сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік көмек көрсетті.








