«Жақсы көңіл-күй формуласы» педагогтерге арналған тренинг

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімі әдістемелік көмек аясында 2023 жылы 19 мамырда №32 мектеп-гимназиясының педагогтеріне «Жақсы көңіл-күй формуласы» тақырыбында тренинг өткізді, тренингке 26 сынып жетекшілері қатысты.

Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г. К. Капанова педагогтер үшін психо-эмоционалды жеңілдету техникасын жүргізді. Сондай-ақ, іс жүзінде жанжалдарды реттеу тәсілдері, жүйке кернеуін жеңілдету және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту жаттығулары пысықталды. Тренинг соңында педагогтер өздерінің психологиялық денсаулықты сақтаудың әдістері мен күнделікті педагогикалық қызметте қажетті стандартты емес жұмыс әдістері үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *