2025 жылғы 12 ақпан айында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» жоспарына сәйкес, Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллект әлеуеті мен мүмкіндіктері» тақырыбында жас мамандарға арналған қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты – жасанды интеллект негізіндегі жаңа білім беру платформаларымен таныстыру, қазіргі заманғы және болашақтағы рөлін түсіндіру, оны кәсіби және күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
Семинардың негізгі бөлімінде жасанды интеллекттің әлеуеті мен оның білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардағы мүмкіндіктері туралы баяндамалар ұсынылды.
Семинар барысында «Педагогикалық жәрмеңке» ашық сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар сабақтарында ЖИ-ді қолданудың әдістерімен танысты. Сонымен қатар, №52 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімдері М.Марат, А.Б.Еркинова мен №7 мектеп-гимназиясының мұғалімдері жасанды интеллект жүйелерін тиімді пайдалану, оқыту процесін жаңғырту және ЖИ алгоритмдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелерін шеберлік сыныптарында жас мамандармен талқылады.
Семинар «Жасанды интеллект: күткеніміз бен шынайы әсеріміз» атты рефлексия-тренингімен аяқталды. Қатысушылар көрсетілген тәжірибелер бойынша ой бөлісті.