16 мамыр 2024ж. Астана қаласының МКҚК «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу бөлімімен № 36 орта мектебінде «Жасөспірімңің жеке дамуына ата – аналық көзқарастардың әсері» тақырыбында ағымдағы оқу жылының қорытынды семинар-практикумы өтті.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналық көзқарас балалардың дамуы мен тәрбиесіне ықпалы саласындағы психологиялық құзыреттілікті кеңейту.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.К.Капанова бала мен ата-аналар қарым-қатынасындағы проблемалар туралы айтып берді: топтық жұмыста психологтар қолданатын «Маңыздылық шеңбері» және «Менің баламның портреті» техникалар туралы айтылды.
Сонымен қатар семинардың тәжірибелік бөлімінде әдіскерлер М.А. Рүстимова, Э.Кошаналиева, А.С. Баранбаева ата-аналар ұстанымының 12 түрін қарап, ата-аналармен, балалармен жұмыс істеу үшін түрлі жаттығулар көрсетті. Психологтар ата-анамен жұмыс істеудің өзектілігін көрсетіп, оларды тығыз ынтымақтастыққа тарту әдістерімен бөлісті.
Шара соңында жас мамандардан кері байланыс жасалды.