2025 жылғы 12 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №97 мектеп-лицейінде «Жас математик» қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқауға 96 қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысып, 41 педагог жеңіске жетті. Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен- 6 педагог, ІІ дәрежелі дипломмен- 12 педогог, ІІІ дәрежелі дипломмен — 18 педагог және грамотомен — 5 педагог марапатталды. Осы жетістік Сіздердің табандылықтарыңыз бен жоғары пәндік білімдеріңіздің айқын дәлелі. Еңбектеріңіз жана берсін, құтты болсын!
«Жас математик» қалалық байқауының марапаттау рәсімі өтті
