«Жас маманның кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамыту жолдары» атты қалалық семинар

2025 жылдың  16 қыркүйек  күні Астана  қаласының  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтері үшін «Жас маманның кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамыту жолдары» атты қалалық семинар өтті.

        Семинарда Әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскері Есенбекова А.Е.,  Құрылыс-техникалық колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Актанова Д. Қ., Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің оқытушылары Хасенова А.А., Махамбетова З.Н.,  «Астана Профи» колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарина Р.Т., Жоғары көлік және коммуникация колледжінің  психологі Универқызы Ғылым сөз сөйледі.

Іс-шарада жас педагогтерге кәсіптік білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар, оқу-тәрбие  үдерісінің және оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау ерекшеліктерімен таныстырылды, физикалық және психологиялық-эмоционалдық денсаулығын жақсарту жолдары көрсетілді.

              Семинарға колледждің 70-тен астам жас педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *