«Жалпыға міндетті білім беру стандарты – оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі»

14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК әдіскері Ж. Маман, қалалық Педагогтер қауымдастығының мүшелері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің № 348 бұйрығын зерделеу, білім беру мазмұнындағы негізгі өзгерістер мен талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын қарастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету, сонымен қатар оқушы тұлғасын жан-жақты дамытуға бағытталған құндылықтар мен құзыреттерге негізделген білім беру моделін іске асыру бойынша бірлескен іс-әрекет стратегиясын қалыптастыру мақсатында «Жалпыға міндетті білім беру стандарты – оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі» қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшілерінің кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында жаңа стандарттың мазмұнына енгізілген негізгі өзгерістер мен талаптар таныстырылып, оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану жолдары қарастырылды.

            Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім мазмұны институтының ғалым хатшысы Жанбота Есепбай «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш және негізгі орта білім беру стандарттарының негізгі ережелері» бойынша стандарттың төмендегі құрылымына түсінік беріп өтті.

  • Стандарттағы өзгерістер мен толықтырулар
  • Стандарттардың қолданылу салалары
  • Бастауыш білім берудің базалық құндылықтары
  • Негізгі, жалпы  орта білім берудің базалық құндылықтары
  • Инклюзивті білім беру: негізгі талаптары мен тәсілдері
  • Мазмұндық концептілер / педагогикалық тәсілдеме
  • Инклюзивті білім беру: негізгі талаптары мен тәсілдері
  • Негізгі орта білім берудің білім беру салалары
  • Кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік GPA бағалау
  • Жалпыға міндетті стандартының жүзеге асырылу мониторингі тармақтарына, бағыттарына тоқталып, түсіндіріп өтті.

«Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимгазия» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  қалалық Педагогтер қауымдастығының мүшесі  Имакова Лаура Оспановна,  

«Ж. Аймауытов атындағы №24 орта мектеп» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  қалалық Педагогтер қауымдастығының мүшесі  Жаңабек Дана Әкімжанқызы  «Жалпы және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және тіл және әдебиет пәндерінің мазмұндық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша йтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде білім мазмұны оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін, мәдени танымын және адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталғаны атап өтілді. Қазақ тілі пәні оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын үйлесімді дамытуға, өз ойын сауатты әрі дәл жеткізуге үйретеді. Тілдік нормаларды меңгерту арқылы оқушының сыни ойлау, логикалық пайымдау, ақпаратты дұрыс өңдеу дағдылары қалыптасады. Қазақ әдебиеті пәнінде көркем шығармалар арқылы оқушылар ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды игереді. Әдебиетті талдау, кейіпкерлерді салыстыру, мәтіннің мазмұнын ашу сияқты тапсырмалар арқылы оқушының эстетикалық талғамы мен рухани дүниесі дамиды. Пән мазмұны шығармашылық жұмыс түрлерімен толықтырылып, оқушылардың дара қабілеттерін ашуға бағытталады.

Отырыс қорытындысы бойынша мұғалімдерге жаңа мазмұнды оқу бағдарламаларын жоспарлау мен жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету, бірлескен тәжірибе алмасу және үздік педагогикалық практикаларды тарату бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс оқушылардың тілдік және әдеби білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың жан-жақты дамыған, құндылықтық көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *