2025 жылдың 09 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті» КММ мамандарымен бірлесе отырып жалпы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін «Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардағы сенсорлық бұзылыстардың алдын алу және түзету: тәсілдер мен лайфхактар» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар барысында түзету кабинеті мамандары сенсорлық интеграция әдісінің элементтерін көрсетті. Әр баланың психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мамандар тиімді әдістерді таңдап, түзету жұмыстарын жүргізуде.
Мұндай іс-шаралар мен тәжірибелік шеберлік сағаттары педагогтердің білімін кеңейтіп, тәжірибе алмасуына және кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты