«Зерттеу мақаласының құрылымы, рәсімдеу талаптары және жариялау ерекшеліктері» атты республикалық веб-конференция өтті

2025 жылғы 26 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК педагогтердің зерттеу дағдыларын жетілдіру мақсатында «Зерттеу мақаласының құрылымы, рәсімдеу талаптары және жариялау ерекшеліктері» атты республикалық веб-конференция өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтерге зерттеу мақаласын жазу тәсілдерін, құрылымдық ерекшеліктерін, рәсімдеуге қойылатын талаптарын және жариялау қыр-сырын түсіндіру болды.

Веб-конференцияны «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының бас редакторы, бөлім басшысы Касенова Альбина Бақытбекқызы кіріспе сөзбен бастап, педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту мен оны тәжірибеге енгізудің маңыздылығына терең назар аударды.

Веб-конференция барысында спикерлер төмендегі тақырыптарды талқылады:

«Білім беру саласындағы зерттеу мақаласын құрылымдау: IMRaD моделі» – Касенова Альбина Бақытбекқызы, «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының бас редакторы, Астана қ. Әдістемелік орталығының Білім беру саласындағы ынтымақтастық және зерттеу бөлімінің басшысы.

«Парафраз жасау, қысқаша мазмұндау және дереккөздерді сауатты пайдалану:Плагиатсыз академиялық жазу жолдары» – Сайлыбаева Айгүл Сагынғанқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты, «Zertte» журналының редакциялық алқа мүшесі.

«Зерттеу мақаласын жариялау ерекшеліктері» – Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, «Zertte» журналының жауапты хатшысы.

«Зерттеу мақаласын рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптарі» – Турсунбеков Алмаз Жомартулы, Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері, «Zertte» журналының техникалық редакторы.

Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін бөлісіп, кері байланыс берді. Барлық веб-конференция қатысушылары сертификаттармен марапатталды.

Педагогтердің зерттеу дағдыларын арттыру мақсатында осындай веб-конференциялар алдағы уақытта да жалғасатын табатын болады.

Құрметті педагогтер, «Zertte» журналында мақалаларыңызды жариялап, өз кәсіби деңгейіңізді шыңдай беріңіздер!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *