Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияларды пайдалану

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК жұмыс жоспары аясында 2023 жылдың 13 сәуірінде №37 лицей-мектебінің базасында география, химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияларды пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға жаратылыстану циклінің 54 мұғалімі қатысты.

Іс-шараның ашылуында:

1. Мектеп директоры Күлжан Дәрібайқызы Төлеуованың құттықтау сөзі.

2. «География, биология, химия сабақтарында сабақты тиімді жоспарлау». Әдіскер Бағаналинова Раушан Болатқызы (Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»).

3. «Сабақты қалай дұрыс жоспарлау керек?» шеберлік — сағаты. (Ж.Қ. Түкенова, С.А. Тоқтарова)

Семинардың бірінші бөлімінде мектептің педагог – практиктері қаланың география, химия, биология мұғалімдерімен шеберлік сыныбын өткізді. Семинарға қатысушыларға сабақтың мақсатын қою, Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды құрастыру және осы кестені пайдалану бойынша материалдар ұсынылды. Сондай-ақ семинарға қатысушылардың өздері сабаққа мақсат қоюмен жұмыс жасап, сабақтың мақсатына сәйкес келетін тапсырмаларды орындады.

Кері байланыста сабақтар жан-жақты талданып, сабақты жоспарлау, оқушыларды оқу-тәрбие процесіне белсендірек тарту бойынша жалпы ұсыныстар берілді.

Семинардың практикалық бөлімінде келесі іс-шаралар ұсынылды:

Гидропоника аймағына, жылыжайға экскурсия жасау жаратылыстану циклі мұғалімдері үшін танымдық болды. Осы аймақтарда жұмыс істейтін оқушылар мектеп қонақтарына өсімдіктерді күтіп-баптау және мол өнім алу жолдарын көрсетіп, өз зерттеулерінің нәтижесін көрсетті.

«Биология пәнін оқытудағы әдістер мен технологиялар» шеберлік сыныбында көрсетілген оқытудың белсенді әдістерін қолдану кезінде мұғалім мынадай педагогикалық міндеттерді шеше алады: оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру және ынталандыру; топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың коммуникативтік және тұлғалық құзыреттіліктерін қалыптастыру; оқушылардың пәндік және метапәндік құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Қорытындылай келе, семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті деп айта аламыз.

Семинарға келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, тәжірибені таратуды жалғастыруға ниеттерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *