Ыбырай ізімен: ұстаздықтың ұлы мұраты

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтар күні Ұлт ағартушысы, көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Ыбырай ізімен: ұстаздықтың ұлы мұраты» тақырыбында Үздік педагогтердің бастауымен республикалық теле-көпір өтті.

Аталған іс-шарада Астана қаласының және Ақтөбе, Қостанай облыстарының педагогтері өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер өз баяндамаларында Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық идеяларын сабақ үдерісінде қолдану, ұлттық тәрбие мен құндылықтарды білім мазмұнына енгізу жолдарын кеңнен сипаттады.

Сондай-ақ, кездесудің екінші кезеңінде Үздік педагогтер жас мамандарға шебер-сынып өткізді. Жас мамандар белсенді қатысып, өздеріне қажетті тәжірибе мен әдістемелік бағыт-бағдар алды.

Республикалық теле-көпір ұстаздар арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасын насихаттауға зор мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *