Астана қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 12 қараша күні Астана қаласының №91 мектеп-гимназия базасында химия және биология пәні педагогтеріне арналған қалалық оқыту семинары өткізілді.
Мақсаты:
Педагогтердің білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын, сондай-ақ критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктерін терең түсінуіне жағдай жасау және тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.
Міндеттері:
- Критериалды бағалау жүйесінің мақсаттары мен қағидаттарын нақтылау;
- Бағалау критерийлерін сабақ жоспарында тиімді қолдану жолдарын қарастыру;
- Қатысушылардың рефлексиясын ұйымдастыру және кәсіби диалог орнату.
Семинар барысында «Критериалды бағалау жүйесі: қағидаттар мен компоненттер» тақырыбында Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш. Шакирова баяндама жасады. Практикалық бөлімде «Сабақта нәтижелі жоспарлауда (ҚМЖ) берілетін басымдықтар» тақырыбы бойынша Әдістемелік орталықтың әдіскері Мәдениет Хабатұлы және №47 балабақша–мектеп-гимназия кешенінің химия пәні мұғалімі Рассохина Татьяна Николаевна қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізді.Сонымен қатар №91 мектептің психологтары Д. Туякбаева мен А. Омирова «Жақсы көңіл-күй – жанға қуат» тақырыбында тренинг өткізді.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, семинардың өзекті әрі пайдалы болғанын жеткізді. Қатысушылар семинардан алған білім мен дағдыларды өз сабақтарында қолдануға дайын екендерін жеткізді. Іс-шара педагогтердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, олардың кәсіби дамуында маңызды рөл атқарды.











