2025 жылғы 07 сәуірде ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімберу Комитетінің, ЮНИСЕФ балалар қорының және халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қолдауымен Алматы қаласында «Мектептегі тиімді білім: тәлімгерлік, технология және тең мүмкіндіктер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара аясында «Akelius» жобасының 4 жылғы жұмыс нәтижесі қорытындыланды, онда Астана қаласының №№51,60,62 мектептерінің педагогтері және педагог-тренер А. Байтабенова өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара бағдарламасы пленарлық отырыстар мен тақырыптық сессияларды қамтыды.
Конференция «Akelius» жобасының цифрлық ресурсын пайдаланудың озық әдістерін, жаңа білім беру технологияларын талқылауға, сондай-ақ олардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына қарамастан барлық білім алушылар үшін тең мүмкіндіктер жасауға арналған платформаға айналды.
Іс-шара барысында Астана қаласы делегациясы:
— «Тәлімгерлік «Akelius» жобасын жүзеге асыру шеңберінде білім беру көшбасшылығының құралы ретінде», А. Байтабенова, А.Бөкейхан атындағы Binom мектеп-лицейінің педагог-тренері;
— «Жобаны жүзеге асыру аясында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету», С. Алибаева, №62 мектеп-лицей директорының орынбасары;
— «Инклюзивті білім беруде «Akelius» білім беру платформасын пайдалану тәжірибесі», Қ.Ахметбекова, №60 мектеп-лицей педагогі;
— «Akelius» инклюзивті білім беруде – оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде», А. Асқарбекова, №51 мектеп-гимназия педагогі;
— «Akelius» интерактивті оқытуда, ЖИ және цифрлық технологиялар бағдарламалары», Ж.Нұрмағамбетова, №51 мектеп-гимназия педагогі өздерінің тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияда жобаны дамыту перспективаларымен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары Ж. Әмірғалиев, Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А. Досмұхамет, «Akelius» жобасының кураторы А. Есематова ой бөлісті.
Конференция соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп қандас балаларды бейімдеудегі және білім алушылардың білім сапасын арттырудағы жобаның рөліне назар аударды.