2025 жылғы 22 қазан күні Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұлы Абай: шабыт және мұра» атты қалалық конференция өтті.
Конференция аясында студенттер арасында Абай шығармаларының прозасы мен поэзиясын мәнерлеп оқу бойынша «Абай оқулары» қалалық «Цифрлық трансформация және Абай мұрасы» номинациясы бойынша шығармашылық байқауы, колледж педагогтеріне арналған ғылыми — практикалық конференция, сондай-ақ Астана қаласындағы мектептердің «Педагогика» бағыты бойынша бейінді сынып оқушыларына арналған оқырман конференциясы өткізілді.
Конференцияларда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығы, «Адал азамат» біртутас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұлғаның негізгі құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Студенттер арасында мәнерлеп оқу байқауы Абай мұрасына деген қызығушылықты арттыруға және көркем сөздің терең мәнін түсінуге, оқырман мәдениеті мен шешендік қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етті. Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді, жүлдегерлер мен жеңімпаздар Ⅰ,ⅠⅠ,ⅠⅠⅠ дипломдарымен марапатталды.
Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты.








