Ұлттық құндылықтарды физика пәнінде оқытудың маңызы

2025 жылдың 27 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында» физика пәні мұғалімдеріне бағытталған «Ұлттық құндылықтарды физика пәнінде оқытудың маңызы» атты семинар өтті. Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды оқу процесіне интеграциялау және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Семинардың пленарлық отырысында физика сабақтарында ұлттық құндылықтарды оқытудың ролі мен маңызы жөнінде айтылды.

Семинар хакатон түрінде ұйымдастырылды, қатысушылар 5 топқа бөлініп, ұлттық құндылықтарға негізделген физикалық тәжірибелер орындады. «Рухтың энергиясы», «Күбі пісу», «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы», «Асық ату» сынды тақырыптар бойынша интерактивті сессиялар ұйымдастырылды.

Семинар соңында қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелері бойынша рефлексия жүргізіп, ой бөлісті. Осы бағыттағы шаралар ұлттық құндылықтарды түсінуге және физика пәнінде заманауи әдістерді қолдануға үлкен септігін тигізеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *