Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 30 маусымында Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы сарапшыларға арналған «Тұлғалық өсу» тақырыбындағы тренинг «ULTTYQ BUSINESS & ENGINEERING SCHOOL» мекемесі базасында өтті.
Кездесу барысында Департамент басшысы Гүлбақыт Серікжанқызы Жунусова 2022-2023 оқу жылында сарапшылар тарапынан атқарылған жұмыстың оң бағасын беріп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің атынан Алғыс хаттар ұсынды.
Тренингке 20-дан астам сарапшы қатысты.