2025 жылдың 6 мамырында 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында Астана қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «Үздік бейіндік оқыту орынбасары» қалалық байқауының марапаттау іс шарасы өтті.
Ереже бойынша «Үздік бейіндік оқыту орынбасары» байқауы екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең сырттай өткізілсе, екінші кезеңде бейіндік оқыту орынбасарлары өздерінің білім ордаларында жобаларының жүзеге асырылуын таныстырды.
Бұл байқаудың ерекшелігі екінші кезеңге өткен 10 үздік қатысушы жобаларын белгіленген өлшемшарттарға сәйкес өзара бағалады.
Екінші кезең барысында әр орынбасардың жүргізіп жатқан жобаларының ерекшеліктері, шынайы түрде жүзеге асырылып жатқандағы, мектеп өмірі мен білім беру үрдісіне оң ықпал етендігі байқалды.
«Үздік бейіндік оқыту орынбасары» байқауы қорытынды нәтижесі:
Бірлесова Қамар Нұрланқызы, Ә.Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей — Бас жүлде
Жакалакова Салтанат Конакбаевна, №86 мектеп-гимназиясы — 1 орын
Есенова Ләззат Тәжденқызы, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі — 2 орын
Кусбекова Сандугаш Темировна, №43 қосымша білім беру мектеп –орталығы — 3 орын
Муслимбекова Зарина Турсунбековна, Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия — 3 орын
Номинациялар:
Кулькеева Айжан Балтабайқызы, NEOTECH DIGITAL SCHOOL – «Инклюзивті білім беруді дамытудағы үздік жоба»
Арапов Жандос Маратұлы, Алтынсарин BINOM school мектеп-лицейі – «Білім берудегі менеджерлерді дайындаудағы үздік жоба»
Нургалиева Алмагуль Жаиковна, №101 орта мектеп – «Педагогтердің мәртебесін көтерудегі үздік жоба»
Шайкенов Сайлаубай Серікбайұлы, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі — «Инновациялық білім беру ортасын құрудағы үздік жоба»
Шахантаева Жанна Радиевна, №104 орта мектеп – «Бейіндік оқыту жұмысын дамытудағы үздік жоба»
Барлық қатысушыларға сертификат беріліп, Бас жүлде иегеріне «Үздік бейіндік оқыту орынбасары-2025» кубогі табысталды.
Бейіндік оқыту орынбасарларының жұмысын жоғары деңгейде таныстыруға қолғабыс болған мектептердің басшылығына, ұжымдағы әріптестеріне, оқушылар мен ата-аналар қауымдастықтарына алғыс білдіреміз.