«ТІЛГЕ БОЙЛАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Елордалық №8 «Думан» балабақшасында пилоттық жобадағы мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтерімен тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлік қарым-қатынас шеңберін кеңейту мақсатында «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жоба аясында «БАЛА ТІЛІ — БОЛАШАҚ» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

Қалалық іс-шара «Бақытты балалық шақ» атты музыкалық ән шашумен басталып, «Балаларды тілге бойлауда ойынның мәні», «Өмір- Сізбен әдемі», «Ұлттық ою-өрнектер», «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы», «Тілдік ортаға бойлау технологиясын қолдануда ойнатылатын ойындар», «Қазақ тілін үйретуге арналған қызықты ойындар» тақырыбында шебер-сыныптар мен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді.

Семинарға Астана қаласының №50 Райымбек батыр мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі және пилоттық жобаға қатысушы 20 балабақшаның тәрбиешілері мен қазақ тілі педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *