Елордалық №23 «Алтын бесік» балабақшасында әр баланың ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтар негізінде әлеуметтік ортаға бейімдеу арқылы балалардың тілдік дамуын қолдау және жетілдіру жұмыстары бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жоба аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ұлттық құндылықтар негізінде әлеуметтік ортаға бейімдеу және қазақ тілін үйрету жолдары» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Қалалық іс-шарада «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды ұлттық құндылықтар негізінде әлеуметтік ортаға бейімдеу және қазақ тілін үйрету жолдары маңыздылығы» атты бейне роликпен басталып, «Ұлттық құндылық — ел қазынасы», «Самұрық құсы өз үйін іздеуде», «Ойнайық та, ойлайық», «Ритм, мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық және эстетикалық тәрбиесінің бір құралы», «Ұлттық құндылықтар арқылы балаларды әлеуметтік және кеңістікті бағдарлаудың кешенді тәсілдері» тақырыбында шебер-сыныптар мен ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті көрсетілді.
Семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог мамандары мен пилоттық жобаға қатысушы 20 балабақшаның қазақ тілі педагогтері қатысты.