ТІЛ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

2023 жылдың 5 қыркүйек күні Әдістемелік орталық әдіскері Жанар Сейтахметқызы ҚР Қазақстан халқы тілдері және қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл активизмі және оның қоғамға оң ықпалы» атты іс-шарасын өткізді. Қазақ тілі мен салт-дәстүрін сақтап, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт арасында оның мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы жарғысымен және бағдарламасымен таныстыра отырып, қоғамда тілді одан әрі дамытуға ықпал жасап, жастардың патриоттық сезімін ояту үшін білім беру ұйымдарының педагогтері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Қуатбек Дүйсен, Maqsut Narikbayev University профессоры Сағидолла Баймұрат, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Астана қалалық филиалы директоры Лариса Алдабергенмен кездесті.

Кездесу соңында Лариса Алдаберген бүгінге дейін атқарылып жатқан жұмыстарын хабардар етіп, ұстаздарды мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы жетістіктерге үн қосуға шақырды. Шара соңында қатысушылар қазақ тіліне деген өз көзқарастарын білдіріп, спикерлерге көкейдегі сұрақтарын қойып, пікір алмасып, кері байланыс орнатылды. Сонымен қатар шараны өткізуге атсалысқан Әдістемелік орталықтың басшысы Сындар Мұратқызы да төс белгімен марапатталды.

Шара ұйымдастырушылары бұл жиыннан үлкен әсер алған ұстаздарға шәкірттерінің бойына тілге, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімін дарытады деген сенімін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *