2023 жылғы 27 сәуір күні сағат 10.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен №24 орта мектептің ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «The importance of extracurricular activities in increasing the interest of studying English» тақырыбында қалалық семинары өтті.
- Семинардың мақсаты Ағылшын тілін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытуда танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Семинар барысында теориялық бөлімінде Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова А. Б. «Learning activities in ELT», №24 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Калибасова А.К. «Developing student’s interest in learning English» тақырыбында өз шеберліктерімен бөлісті.
Іс-шара барысында №24 орта мектептің мұғалімдері ағылшын тілін оқуға қызығушылықты арттырудағы сыныптан тыс жұмыстардың маңыздылығы, оқушылардың бір бірімен нәтижелі қарым-қатынас жасау және өзара іс-қимыл жасау қабілетін дамыту, білім алушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, оқу және сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ шығармашылық қабілеттері, ертегіні сахналау, викторина ойыны арқылы іс жүзінде қалай дамытатынын көрсетті:
-«Snow White and Seven Dwarfs» Сәден Ф.Ғ., Калибасова А.К;
-«Cotton girl and cat» Темиржанов А.Р., Алимбаева А.Р;
-«“Shrek” shadow play» Нұрғапа А.Н., Жүнісова С.Б., Кердешова Г.Қ., Сейпілова Р.Р.;
7 сыныптарға арналған «English language marathon» Бапаева Д.А., Рахимжанова А.К.;
6 сыныптарға арналған «The magic world of Harry Potter» Өтеш Н.М., Сембекова М.К.;
5 сыныптарға арналған «Auction “In the street”» Токанова Т.О., Досмаганбетов Н.С.
Рефлексия кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп,өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.