Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 мамыр күні «№56 мектеп- лицей» базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Teaching young learners teaching a whole child» атты қалалық оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты: Білім беру процесінде шет тілін оқытудағы белсенді оқыту әдістерінің негіздерімен, түрлерімен және маңыздылығымен таныстыру.
Қатысушылар шеберлік сыныптар шеңберінде оқу-үрдісінде белсенді әдістерінің тиімділігін айқындады, мұғалім мен оқушының арасындағы нәтижелі қарым-қатынасты арттыру жолдарын, кәсіби эмоционалды күю және онымен қалай күресу бойынша педагог- психологтар ашып көрсетті. Семинар сонында мұғалімдер кері байланыс жасай отырып, қажетті құнды мағлұмат алғандарын атап өтті.