2025 жылдың 27 ақпан күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахмет республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен педагогтердің оқу мен тәрбие үрдісінде қолданылатын инновациялық педагогикалық іс-тәжірибелерімен өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық және сындарлы ойлауды дамыту, республика мұғалімдерінің арасында өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Тәжірибе алмасу – педагогтің кәсіби өсуінің басты кепілі» республикалық вебинар өткізді.
Вебинардың терориялық бөлімінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚРМК Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының директоры Дулат Аманжолұлы авторлық бағдарлама жазуға қойылатын талаптар мен ұсыныстар жөнінде толық ақпарат бере келе авторлық бағдарлама жазу – шығармашылық және ғылыми тұрғыдан маңызды процесс екенін атап өтсе, Әдістемелік орталық Раушан Ратқызы авторлық бағдарлама жазу барысында оның құрылымына, мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне, әдіс-тәсілдеріне және нәтижелеріне назар аудару маңыздылығына және бағдарламаның қолданушыға ыңғайлы және тиімді болуына үлкен көңіл бөлінуі керек екенін айтып өтті.
Тәжірибе алмасу алаңында Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, ШҚО және астаналық педагогтер өз авторлық жұмыстары мен бағдарламаларын таныстырып, оларды басқа әріптестерімен талқылау арқылы жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер бойынша тәжірибе алмасты.
Жанар Сейдахметқызы,бүгінгі ұйымдастырылған семинар үшін көп рақмет! Әріптестеріміздің жұмыстарымен танысып,тәжірибе алмастық.Жұмысыңызға сәттілік!
Аттестациядан өтетін мұғалімдерге мол мүмкіндік. Жанар Сейдахметқызы, сізге көп рақмет!