«ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨСУІНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ»

16.05.2025 ж. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК әдіскері Ж. Маман, қалалық Педагогтер қауымдастығының мүшелері білім беру саласындағы жаңашыл идеяларды дамыту, тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті жетілдіру мақсатында «Тәжірибе алмасу – педагогтің кәсіби өсуінің басты кепілі» республикалық тәжірибе алмасу вебинарын  өткізді. 

 Іс-шара барысында еліміздің өңірлерінен (Астана, Алматы, Тараз қалалары, Түркістан,  Ұлытау, Алматы облыстары) белсенді педагогтер өздерінің педагогикалық тәжірибесін,  әдістемелік жұмыстарын ұсынып, тәжірибе бөлісті. 

Бұл вебинар педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытудың тиімді алаңы болды. Республикалық деңгейдегі педагогикалық вебинарларда қатысушыларға тек ақпараттық емес, сонымен қатар әдістемелік және тәжірибелік жағынан да мол материалдар ұсынылды. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының аға ғылыми қызметкері Кадирова Әсел Толкыновна «Авторлық материалдар негізінде озық педагогикалық тәжірибені әзірлеу және тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбы бойынша мазмұнды баяндама жасады. 

Озық тәжірибені тарату – педагогтің кәсіби өсіп-жетілуіне және жалпы білім сапасының артуына ықпал ететіні, озық тәжірибені әзірлеу үшін педагог өз жұмысын жүйелеп, нәтижесін нақты дәлелдермен көрсетіп, оны әріптестерімен бөлісуі, әдістемелік ұсынымдарда авторлық материалдың құрылымы, мақсаты, қолданылған әдістері мен қол жеткізілген нәтижелері нақты көрсетілуі керектігі туралы жан-жақты тоқталды. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *