ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ!

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірге отырып Тәуелсіздік күніне орай еліміздің бай тарихы мен мемлекеттік құндылықтарын дәріптеу, қатысушылардың білімін бағалау және ұлтжандылық пен патриотизмді нығайту, мемлекеттік тіл мәселесін талқылау мақсатында 12.12.2024 ж. күні қаланың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен кездесу өткізді.

Кездесудің І кезеңінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Астанадағы филиалының төрағасы Лариса Алдаберген «Tildes қазақша сөйлеу» клубының мақсат-міндеттерімен, жұмыс бағытымен таныстырып өтті.

Кездесуге Түркияның жоғарғы оқу орындарында білім алып, еліміздің университеттерінде дәріс беріп жүрген PhD докторы, тіл маманы түрколог, аудармашы, «P4C – Балаларға арналған философия» педагогикалық әдісін Қазақстанда дамыту бағытында жұмыс жасап жүрген Эльмира Калжанова және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының лауреаты, ҚР Білім және ғылым Министрлігі жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері, ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы – 2008, 2014» грантының иегері, ҚР Оқу-ағарту Министрлігі «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ғалым-хатшысы Сарбасова Карлыгаш Амангелдіқызы арнайы қонаққа шақырылып, тілді меңгерту тәжірибелерімен бөлісті.

Шараның ІІ кезеңінде педагогтермен «Қазақша Quiz» ойыны өткізілді. Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат, баршамызға ортақ қазына! Осындай іс-шаралар ұлттық рухымызды көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға зор ықпал етеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *