Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 02 ақпан күні мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер қауымдастығымен №66 «Толағай» балабақшасында «Түрлі жас топтарында ойындарды ұйымдастыру» тақырыбында жас тәрбиешілерге арналған шебер-сынып өтті.
Басқосу барысында Әдістемелік орталықтың «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімінің әдіскері Түймебай Арайлым Мейрбекқызы іс-шара мақсаты мен бағдарламасын таныстыра отырып, тәрбиешілерге «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
№7 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі, Алшинбаева Каншайым Сапаровна «Воскобович технологиясы арқылы балалардың ой-өрісін дамыту», №67 «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Мукажанова Гульмира Кенесовна, «Балабақшада метеоалаң жұмысын ұйымдастыру», №66 «Толағай» балабақшасының тәрбиешілері, Жумабаева Назгуль Токишевна, Улмесова Гулниса Габитовна, «Сингапур әдісі/ойындары» баланың дағдылары мен біліктіліктерінің дамуына берер үлестерінің маңыздылығы мен пайдасы туралы әдістемелерімен бөлісті, №17 «Ер-Төстік» балабақшасының тәрбиешісі, «Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды ойын арқылы жан-жақты дамыту», №47 «Ақ желкен» балабақшасының тәрбиешілері Акжигитова Марал Оспановна, Мырзахасымова Айжан Сагитқызы «Балабақшадағы эйдетикалық ойындар» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жас тәрбиешілерге арналған шебер-сынып өте қызықты әрі пайдалы болды. Қауымдастық жетекшісі Мангазинова Айгерим Жакияновнаға алдағы өтетін семинар, шебер-сыныптардың маңыздылығымен қажеттілігін атап өтті. Жас мамандарға осы іспеттес тәжірибелік шебер-сыныптарды жиі ұйымдастырып, тәжірибе бөлісу керектігі назарға алынды.