«СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» ӘДІСТЕМЕЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

2025 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік көмек көрсету мақсатында  сынып жетекшілеріне    арналған  вебинар өтті.   

 Вебинарда   № 14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі, 8 сынып жетекшісі Ергалиева Нагима Уткелбаевна «Табысты оқушыны тәрбиелеудегі сынып жетекшінің ролі» тақырыбында ұйымшыл сынып қалыптастырудағы жұмысымен, № 98 мектеп — лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Әлібаева Ақерке Ақболатқызы «Күнде бір мақал – тіл байлығы мен тәрбие көзі» тақырыбында жүргізілетін жоба  жоспарымен,  №103 орта мектептің химия пәні мұғалімі, 10 сынып жетекшісі Искакова Алма Канатовна «Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда сынып жетекшінің ролі: жас маманның көзқарасы» тақырыбында  өз тәжірибесімен бөлісті. 

 Вебинар жұмысы  білім беру ұйымдарындағы  сынып жетекшілердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға  бағытталған ақпараттар алуға мүмкіндік берді.     

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *