Сынып жетекшілеріне арналған вебинар өтті

2025 жылғы 23 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік сағат өтті. Бұл іс-шара Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес, сынып жетекшілерге кәсіби қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Вебинардың негізгі спикерлері:

Динара Госмановна Шарипова, Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы, сынып жетекшілерінің қызметіне қатысты құжаттарды жүргізу және лауазымдық міндеттері туралы баяндады.

Біржанқызы Әйгерім, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және «Үздік тәрбие жұмысы – 2024» байқауының бас жүлде иегері, сынып сағаттарын тиімді ұйымдастыру жолдары, жаңа әдіс-тәсілдер, уақытты тиімді басқару және сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Юлия Петровна Гольцман, №104 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі және «Үздік тәрбие жұмысы – 2024» байқауының ІІ орын иегері, сынып сағаттарын жоспарлау, оны ұйымдастыру барысында қолданылатын технологиялар, ойындар және кері байланыс алу әдістері туралы айтты.

Шара барысында сынып жетекшілері өздерінің күнделікті жұмысында қолдануға болатын материалдармен танысып, әріптестерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар сынып сағаттарын өткізуге арналған инновациялық әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды игерді. Мұндай іс-шаралар сынып жетекшілерінің кәсіби деңгейін арттыруда және сынып сағаттарын дұрыс ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *