«Суды үнемде-болашақты сақта» жалпы республикалық ашық сынып сағаты өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі Жол картасының (бұдан әрі – Жол картасы) шеңберінде:

— суға ұқыпты қарауды насихаттау және оны үнемдеу бойынша жұмыстар жүргізу;

— жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар үшін су үнемдеу мәдениетін тәрбиелеу бойынша сынып сағаттарын өткізуді жоспарлаған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп 2025 жылғы 18 сәуірде «Суды үнемде-болашақты сақта» ауқымды жобасы бойынша су үнемдеу тақырыбында жалпы республикалық ашық сынып сағаты өтті. Сынып сағатын Астана қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназиясының оқушылары мен мұғалімдеріне Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің вице-министрі Абдраимов Аслан Сабазович өткізді. Вице-министр әлемдегі су қоры, судың тіршіліктегі маңызы, суды үнемдеудегі әрбір азаматтың үлесі бойынша оқушыларға ақпарат және оқушылардың тақырып аясында қойған сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға мектеп-гимназиядан 250 оқушы, 50 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *