«Соқпақ» туристік квест жұмысын ұйымдастыру бойынша семинар

2025 жылғы 21 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес,  Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында «Соқпақ» туристік квест жұмысын ұйымдастыру бойынша  қалалық семинар  өтті.  

            Семинардың мақсаты — туризм мен өлкетану бағытындағы жұмыс тәжірибесін арттыру,  туристік квест ұйымдастыру әдістерімен таныстыру.   

            Іс-шара барысында Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының қосымша білім беру педагогтері квест ұйымдастырудың түрлі қырларын тәжірибе жүзінде қарастырып,  квест өткізудің  жұмысымен таныстырды.  

              Қатысушылар туристік квестерді дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру туралы теориялық білім алып, тәжірибелік бөлімде оны жүзеге асыру әдістерін үйренді. Сондай-ақ,  түрлі тапсырмалар  орындап, туризм мен өлкетану саласында қолданылатын әдістерді талқылады.  

              Семинарға  қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері,           жалпы білім беретін мектептерде жүргізілетін  «Zhas sayahatshy»  спорттық-туристік алаң лагерлерінің педагогтері, туризм және өлкетану үйірмелерінің жетекшілері қатысты.   Қатысқандар саны – 37 педагог.  

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *