Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 14-22 сәуір аралығында мектеп вожатыйларының «Шығармашылық және ғылыми жаңалықтар» тақырыбында вожатыйлар апталығы өтті.
Апталыққа 76 тәлімгер қатысып, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, оқушылармен мәдени, зияткерлік, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау және ұлттық салт дәстүрді дәріптеу тақырыбында әр-түрлі іс-шаралар өткізді.
Апталықтың үздік тәлімгерлері димплом, сертификаттармен марапатталды.